Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Педагогикалық идеялар вернисажы
20-11-2019 15:59
Педагогикалық идеялар вернисажы

                Педагогикалық идеялар вернисажы                 

2019 жылғы 20 қарашада Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында Қазақстан Республикасы «Өз жеріңді танып біл» Қазақстан Республикасының Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасын іске асыру көлемінде «Шеберлік шыңы» қалалық байқауының жұмысы тәмамдалды.

Байқауға экологиялық және туристік-өлкетану қызметімен айналысатын Павлодар аймағы білім беру ұйымдарының 18 педагогикалық қызметкерлері қатысты.

Жұмыстарды қорғау екі  бағыт бойынша өтті: қосымша білім беру бағдарламалары; оқыту үдерісінің әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілуі (оқу - көрнекі құралдары, оқыту, зерттеу қызметі және тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік әзірлемелері мен нұсқаулары).

Әділ қазылар алқасының құрамында «Өрлеу» БАҰО АҚФ Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қостау кафедрасының аға оқытушысы Татьяна Анатольевна Евсюкова,  М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының әдіскерлері Марина Владимировна Подолец және Райхан Мағжанқызы Жабағина өз жұмысын атқарды.

Байқау қорытындылары бойынша «Қосымша білім беру бағдарламалары» аталымында  І орынды «Экология и краеведение» жұмысы үшін А. М. Якубова, БЖЭТО қосымша білім беру педагогы иеленді, ІІ орынды «Реализация инклюзивного образования в системе дополнительного образования» жұмысымен И. Н. Орт, БЖЭТО қосымша білім беру педагогы иеленді, ІІІ орынды «Қазақстанның сакралды жерлері» жұмысы үшін Г. К. Жакиянова, Павлодар қаласы № 20 ЖОБЛМ география пәнінің мұғалімі иеленді, «Жас өлкетанушы» жұмысымен  Г. М. Алибаева,  БЖЭТО қосымша білім беру педагогы иеленді.

«Оқыту үдерісінің әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілуі» аталымында І орынды «Путеводитель сакральных мест» жұмысымен М. И. Шишлов, Павлодар қаласы № 21 ЖОБМ тарих пәнінің мұғалімі иеленді, ІІ орынды «Географиялық идеяларды визуалдау» жұмысы үшін Г. Б. Есмакаева, Гульмира Болатовна, Павлодар қаласы № 21 ЖОБМ тарих және география пәндерінің мұғалімі иеленді, «Фенологический календарь города Павлодара» жұмысымен Н. Н. Губарь, БЖЭТО қосымша білім беру педагогы иеленді.

Жүлделі орындарды иеленген үздік жұмыстар инновациялық бағдарламалық-әдістемелік материалдардың қорына енгізілуге ұсынылды.