Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Менің Отаным - Қазақстан» XIХ аймақтық оқушылар ғылыми-тәжірибелік конференциясы «Біз және экология» секция жұмысының қорытындылары
25-11-2019 17:00
	«Менің Отаным - Қазақстан» 	XIХ аймақтық оқушылар ғылыми-тәжірибелік конференциясы «Біз және экология» секция жұмысының қорытындылары

                «Менің Отаным - Қазақстан»

                XIХ аймақтық оқушылар ғылыми-тәжірибелік конференциясы

                «Біз және экология»

                секция жұмысының қорытындылары

            2019 жылғы 25 қараша күні «Менің Отаным - Қазақстан» XIХ аймақтық оқушылар ғылыми тәжірибелік конференциясы көлемінде «Біз және экология» секциясы өз жұмысын атқарды.

       Секцияға Павлодар, Ақсу қалалары, Ақсу ауданының жалпы орта білім беру мектептері, мектептен тыс мекемелері 2 - 11 сыныптарының 27 оқушылары қатысты.  

Секция жұмысы барысында аймақтық экологиялық мәселелердің шешілуіне қосылған тәжірибелік үлесін бейнелейтін жұмыстар (жанасқан аумақтарды көгалдандыру және жақсарту бойынша жұмыс тәжірибесінен баяндамалар, мектеп орманшылықтары, экологиялық жасақтарының жұмысы, табиғатты қорғау, экология, фенология, СӨС салаларындағы зерттеулер) тыңдалды.

Конференция қатысушыларының жұмыстарын құзыретті әділ қазылар алқасы бағалады - А. М. Утилова - ИнЕУ «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» кафедрасының аға оқытушысы, Б. Қ. Текенова - БЖЭТО «Экология» бөлімінің меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, А. А. Бакенов – «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ қоршаған ортаны қорғау бойынша инженері.

Павлодар қаласының № 7, 9 14, 16, 17, 20, 21, 28, 30, 32, 34, 40, 41 жалпы орта білім беру мектептері, «Ақсу қаласының балалар эко-техноорталығы» МҚКК, Спутник стансасы негізгі мектебінің оқушылары белсене қатысты.

Секция қорытындылары бойынша конференция жүлдегерлері - 1, 2, 3 орындар үшін грамоталармен, жетекшілері - конференция жүлдегерлерінің дайындығы үшін алғыс хаттарымен, қалған қатысушылар - «Біз және экология» аталымы бойынша грамоталармен, жетекшілері - конференция қатысушыларының дайындығы үшін алғыс хаттарымен марапатталды. 

«Біз және экология» секциясында І орынды «Исследование пальчиковой батарейки: цена и качество» жобасы үшін № 16 ЛМ 4 сынып оқушысы Степанов Алексей, «Антибиотик: вред или польза» жұмысы үшін Спутник стансасы негізгі мектебінің 7 сынып оқушысы Кабылдинова Даная иеленді, ІІ орынды «Стратификация желудей» жұмысымен «Ақсу қаласының балалар эко-техноорталығы» МҚКК тәрбиеленушісі Бейсенбаева Алина, «Шерстяная акварель» жобасы үшін № 16 ЛМ 4 сынып оқушысы Беспаева Диана, «Шампунь и здоровье» жұмысы үшін Спутник стансасының негізгі мектебінің 7 сынып оқушысы Полюхович Вероника, «Выращивание граната в домашних условиях» жобасымен «Ақсу қаласының балалар эко-техноорталығы» МҚКК тәрбиеленушісі Баяхмет Дамир иеленді, ІІІ орынды «О чем щебечет пернатый друг» жобасы үшін № 34 ЖОМ 2 сынып оқушысы Калинин Богдан, «Экологически чистые краски» жұмысымен № 17 ЖОМ 2 сынып оқушысы Бобылева Валерия, «Красные, желтые или зеленые – какие яблоки полезней» жобасы үшін № 32 НМ 7 сынып оқушысы Бабайлов Владислав, «Коррекция эмоционального состояния учащихся посредством применения приемов экотерапии в школе» жұмысымен № 32 НМ  8 сынып оқушысы Темнякова София, «Влияние химических загрязнений микрорайона школы на здоровье школьников» жобасы үшін № 14 ЖОМ 9 сынып оқушысы Гейгерт Данила, ««Excellent» мобильдік қосымшасы мектеп жасындағы балалардың тілдік және көптілділігін қалыптастыру» жұмысы үшін № 40 ЖОМ 11 сынып оқушысы Нургали Айгерим иеленді.