Тәуелсіздік туы астында
11.12.2019 жылы БЖЭТО МҚКК орталығында Қазақстан Республикасының ең басты мерекесы Тәуелсіздік күні қарсаңында «Тәуелсіздік туы астында» іс-шарасы өткізілді.
Ата-бабаларымыздың тарихы мен мәдениеті жасөспірімдер үшін ерекше құндылық пен маңызға ие және де патриоттық сезімді қалыптастыруға үлес қосады. Осы іс-шараны өткізудің басты идеясы әр оқушыда азаматтықты қалыптастыру болып табылады.
Іс-шара барысында қатысушыларымыз ата-бабамыздың Тәуелсіз Қазақстан үшін ауыр күрес жолы жайлы мағлұмат алды. Біздің Республикамыздың өткені мен болашағына байланысты сұрақтарға жауап берді, әркім өз Отанын көркейтуге өз тілектерін білдірді.