Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ең үздік қосымша білім беру ұйымы
05-03-2020 16:52
Ең үздік қосымша білім беру ұйымы

Ең үздік қосымша білім беру ұйымы

    Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК қосымша білім беру ұйымдары арасындағы «Ең үздік қосымша білім беру ұйымы» республикалық интернет-байқауына қатысты.

 Байқауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК өткізді. Байқауға ҚР 18 қосымша білім беру ұйымдары қатысты.

  Байқауға қатысуы мақсатында ұйымның төлқұжаты, қызметіміздің презентациясы, портфолио және жаңартылған мазмұнды, балаларды тәрбиелеу және қосымша білім беру тәжірибесіндегі технологияларды қамтитын «Экология, туризм және өлкетану бағыттары бойынша қосымша білім берудің мазмұнын жаңарту» 2019 - 2021 ж.ж. Орталықтың даму Бағдарламасы І сатысының іске асырылуы бойынша материалдары ұсынылды.

 Конкурстың қорытындылары бойынша біздің Орталығымыз І дәрежелі дипломымен марапатталып, жеңімпаз атанды.

   Педагогикалық ұжымды лайықты жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!