Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Онлайн тәртібінде қашықтықтан жұмыс істейміз
28-03-2020 15:47

Онлайн тәртібінде қашықтықтан жұмыс істейміз

   Төтенше жағдайы тұрғысында БЖЭТО педагогтары балалардың қосымша білім алу құқығын сақтап ғана қоймай, АКТ құзырлығының дәрежесін арттыру түсінде. Онлайн тәртібінде өткізетін сабақтар тәрбиеленушілердің таңдаған бағыт бойынша білім алуына, педагогтардың біртіндеп жаңа құралдарды енгізу мүмкіндігін береді. Қашықтықтан оқытудың үлгілері әртүрлі. Бұл бейне- және онлайн-сабақтары, онлайн-байқаулары мен дара кеңес берулері, қажетті жағдайда ата-аналармен онлайн-кездесулері де өтеді.

  Бейне-кеңес берулерді қолдана туристік клубтардың жетекшілері туристерге қажетті білік-дағдыларды жетілдіруді жалғастырып келеді: төзімділік (жаттығулар кешені арқылы), шеберлік (тепе-теңдік ұстау, қауіпсіздік мақсатында түйін байлау) және тағы басқа біліктер.  Нақты нұсқаулар тапсырмаларды орындауда уақытты тиімді үлестіруде септігін тигізеді.

   «Өлкетану» бағыты бойынша оқушылар педагогтардың басшылығымен қызықты жобалар мен экскурсиялық маршруттарды дайындайды. Тәрбиеленушілер  виртуалды музейлер мен көрмелерге қатысады, отбасының геналогиялық ағашын жасайды, «Бір ел - бір тағдыр» тақырыбында шығармашылық жұмыстарды (эссе, шығарма)  орындайды, отбасылық альбомдарды өз әулетінің шығу-тегі туралы ақпаратпен толықтыру мақсатында материалдар жинайды.

  «Экология» бағытында оқушылар зерттеу және тәжірибелік жұмыстардың көкейкесті тақырыптамасы бойынша әдебиетті дербес оқып үйренеді, ауа райын бақылау күнделіктерін толтырады, қашықтықтан ғылыми-тәжірибелік конференциялары, байқауларына қатысуы және әралуан дәрежелі басылымдарда материалды жария етуі үшін ғылыми жобалардың мақалаларын дайындайды.

  «Авторлық бағдарлама - 2020» қалалық қашықтықтан байқауына қатысып, Орталықтың жетістіктерін жинағын келесі педагогтар толықтырды: Анастасия Михайловна Якубова, Инесса Николаевна Орт - І орын, Гүлжихан Манарбекқызы Әлібаева, Сәуле Елубайқызы Ахмерова - ІІ орын.