Жас эколог
2020 жылғы 1 наурыз - 12 сәуір аралығында «Жас Өркен» республикалық балалар сыйлығының лауреаты атағына үміткерлер үшін іріктеу кезеңдері өтті. Соңғы дауыс беру қорытындысы бойынша «Жас эколог» номинациясы бойынша лауреат атағын Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының тәрбиеленушісі Дильназ Базарбаева иеленді. Дильназды лайықты жеңісімен құттықтаймыз!