Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
email: ekotyr@goo.edu.kz
Адрес: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Менің Отаным-Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінің қалалық қашықтық кезеңі
29-09-2020 16:02
«Менің Отаным-Қазақстан»  туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінің қалалық қашықтық кезеңі

Балалар мен жастардың патриоттық және азаматтық сезімін тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру, үздік балалар экспедициялық жасақтарын анықтау мақсатында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МКҚК «Павлодар қаласының білім беру бөлімі» ММ-мен бірлесіп 2020 жылғы 17 қыркүйекте «Менің Отаным-Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінің қалалық қашықтық кезеңін өткізді.

Слетке қаланың жалпы білім беретін мектептерінің экспедициялық жасақтары, қосымша білім беру ұйымдарының туристік клубтары қатысты. Слет бағдарламасы туристік экспедициялық маршруттардың тұсаукесерін, «Туған өлке тарихы» виртуалды саяхатын, өлкетану зерттеу жобаларын, экологиялық экспедицияларды қорғауды, бард әндер сайысы, жорықта «зардап шеккендерге» дәрігерге дейінгі көмек көрсету дағдыларын көрсетуді қарастырды.

Слетке №7 ЖОББББММ, № 36 ЭБЖОБББМ, № 39 ЖОМ, № 40 ЖОМ, КЖОМ, БЖЭТО, «СЮТур» БАК жасақтары қатысып, 90-нан астам қатысушыларды қамтыды. Нәтижелер келесідей бөлінді: жалпыкомандалық есепте 1 орынды БЖЭТО командасы, 2 орынды – 40 ЖОМ, 3 орынды - КЖОМ.

Аталымдар бойынша 1 орын алған үздік отрядтарды атап өткіміз келеді:

- «Экологиялық соқпақ» - № 36 ЭБЖОБББМ;

- «Туған өлке соқпақтары» - № 7 ЖОББББММ;

- «Ең керемет туристік өлке» - БЖЭТО;

- «Жорықта зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету» - № 39 ЖОМ;

- «Туризм білгірлері» - «СЮТур» БАК;

- «Бард ән байқауы» - КЖОМ.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!