Таңғажайып әлемге түскіңіз келсе...
Корей этно-мәдени бірлестік атынан оқу жылының барысында бөлімшенің ең белсенді тәрбиеленушілеріне «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы Астанда өтіп жатқан «Экспо-2017» көрмесіне жолдамалар тегін бөлінді.
Астанаға тамыздың 17-ші жұлдызының таңында жетіп, Экспо көрмесіне бардық. Кіре салысымен көзге түсетін зәулім ғимараттар мен қызық құрылыстар. Көптеген павильондардың арасынан бірінші Қазақстан павильонынан бастауға бел будық. Ол павильон 8 қабаттан тұрады да, әр қабаты жеке тақырыпқа арналған. Алған әсерді сөзбен жеткізе алмайды екенсің! Басқа таңғажайып әлемге түскен сияқтымыз. Бізді қоршаған күнделікті қарапайым құбылыстарға басқа көз қырымен қарауға мүмкіндік болды. Табиғат болмысының құдыретіне, ғылымның дамыған деңгейін, өз мәдениетіміз бен салт-дәстүрлеріміздің көркемдігін көрдік. Жасөспірімдерге тағы да мәдениет пен дәстүрмен жанасу және эстетикалық ләззат алу мүмкіндігі қатты ұнады.
Қазақстан павильоның аралап болып, шетел павильондарға да кірдік. Бірақ көптеген павильондарды бір күнде аралап бітуге шамамыз келмейтінімізді түсініп, қызығушылығымызды оятып тұрған павильондарға кіреміз деп шештік. Арамызда кәріс, орыс оқушылар болғандықтан, әуелі, Ресей және Корей павильонына кіріп, сол елдер дайындаған көрме мен шоуын тамашаладық. Одан кейін, үлгергенімізше, Жапон, Индия, Грузия, Өзбекстан, Қырғазстан, Қытай, Араб Эмираттар, Малайзия, Германия және т.б. мемлекеттерінің павильонына кірдік.
Кешке алған зор әсер мен жақсы көңіл-күймен Павлодарға қайттық. «Көргеніміз бір ғажап дүние, көрмегеніміз қандай екен?» деген сұрақпен тағы да барғымыз келеді.
Әлі де барып көрмеген қазақстандықтар мен шетел азаматтарына міндетті түрде барып көруіңізге кеңес беремін. Таңғажайып әлемге түскіңіз келсе, Экспо-2017 көрмесіне барсаңыз болды.
ҚББП Джакудаева Ж.Х