Телефон доверия
email: shkolanv@mail.ru
Адрес: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
Еске алу
01-11-2017 03:23
Еске алу

        Қ. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің поляк бөлімшесі педагогтары мен тәрбиеленушілерінде, 1 қараша католиктердің мақұмдарды еске алу күні Суворов және Пахомов зираттарына бару жақсы дәстүрге қалыптасып келеді. Бұл күні марқұдардың еске алып, зират басында шырақтар жағылып, хризантема шоқтары апарылады.
Поляк бөлімшесінің жас буыны поляк тілінің педагогы М.Дронгпен бірге зират басына аттанды. Қолдарына құрал ұстаған жастар зират басын, саяси репрессия құрбандарына арналған ескерткішті, қуғын-сүргінге ұшырағандардың балалары тұрған №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерін еске алуға арналған ескерткіштерін тазалады.

Павлодар жерінде мәңгіге қалған поляктардың туған-туыстары Польшадан жиі хабарласып, зираттарды қараусыз қалдырмауды өтініп сұрап жатады. Кейбір Белоруссия, Украинадан қуғын-сүрген поляктардың өмірбаяның мұрағаттардан, қалған ұрпағынан естіген М.Дронг балаларға баяндап берді. Осы күні зират басын жинап, гүлшоқтарын қойып, шырақ жағып, көп жылдар бойы қуғын сүргендердің естеліктерін естіген балар өз елінің қайғылы тарих беттерін парақтағандай болды. Осылайша, балалар Қазақстанда мәңгіге қалған жерлестерін лайықты еске алды.