"Менің бақытты күнім"
Бүгін №2 көркем сурет мектебінде «Менің бақытты күнім» атты Астана қаласына арналған жетінші графикалық сурет байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті. Біз өз тарапымыздан, армян және татар-башқұрт бөлімшесінің тәрбиеленушілерімен, жеңімпаздарды құттықтап, тамаша әннен шашу тарту еттік. Көркем сурет, ұлттық өнер өз үйлесін тауып, тамаша шара куәгірі болдық. Жеңімпаздар, өнерлерін өркендей берсін, Астанамыз сендерге шабыт сыйлап, үлкен жеңістерге жетелесін!