«Саналы ұрпақ-жарқын болашақ»
Бүгін күн шуағын төгіп, мектеп тәрбиеленушілерін қуанышпен
қарсы алып тұрғандай!
Жаңа оқу жылы басталды! Жаңа оқу жылына – жаңа бастамалар, талаптар, жоспарлар қойылды. Ұлттық бөлімшелер көшбасшыларына куәліктер табысталды.
Шараға Павлодар облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, төрағалары мен ата-аналар қатысып балаларға ақ тілектерін білдірдіріп, шашуларын шашты.
Достығы жарасқан шаңырағымызға жаңа финно-угор бөлімшесі қосылды және татар-башқұрт бөлімшесіне Татарстаннан, поляк бөлімшесіне Польшадан педагогтар келіп дәріс беруде.
Салтанатты жиын сәнін «Достық» домбырашылар ансамблі, «Бельканто» вокал тобы, «Спивоғрай» украин бөлімшесінің вокал тобтары ән-жырларымен келтірді.
Салтанатты жиын бөлімшелердегі «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ»
тақырыбы аясында ашық сабақтарымен жалғасты.