Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Балалар музыка мектептері мен өнер мектептері оқушыларының 53 республикалық жас музыканттар фестиваль-байқауы
26-10-2020 16:21
Балалар музыка мектептері мен өнер мектептері оқушыларының 53 республикалық жас музыканттар фестиваль-байқауы

      2020 жыл қазан аралығында қашықтық форматта балалар музыкалық мектептері мен өнер мектептерінің оқушылары - жас музыканттардың Республикалық фестиваль-байқауы өтті.

     Фестиваль-байқауға республиканың музыкалық мектептері мен өнер мектептерінің хор музыкалық топтары мен «фортепиано» бөлімдерінің оқушылары қатысты.  

     Фестиваль-байқаудың мақсаты: оқушылардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесі, олардың орындаушылық шеберліктерін арттыру, қазіргі қоғамда музыкалық өнерді насихаттау, классикалық дәстүрлердің музыкалық өнер мен білім берудегі жаңа прогрессивті тенденциялармен өзара әрекеттесуін іздеу, балалар музыкалық мектептері мен өнер мектептерін дамыту, олардың білім берудегі рөлін арттыру, оқушыларды шығармашылық дамыту және оқыту.                                                                                                                                          Биылғы жылы конкурстық қойылымдарға республикамыздың әр аймағынан 17 хор тобы қатысты.                                                                                                             Павлодар қаласы «Балалар музыкалық мектебі» МҚКК жоғарғы хор сыныбы 3-ші жүлделі орын алып, жоғары кәсіби шеберлікті көрсеткен біздің жеңімпаздарымызды (хор жетекшісі Миронец Ксения Владимировнаны, концертмейстер Масленников Дмитрий Станиславовичті) шын жүректен құттықтаймыз.        

          Байқауда хор төрт шығарманы орындады: «Желсіз түнде жарық ай» (муз. А. Құнанбаев, аудар. хорға арналған Ю. Колчин), «Арайлы алтын ұям» (муз. Ә. Әбдінұрова, сөзі С. Оспан), «Итальянская полька»(муз. С.Рахманинов), «You gotta generate heat» (муз. Д. Шварц, сөзі Джо Кьяра). Олардың әрқайсысы халықтық, классикалық, джаз және заманауи музыканың лайықты үлгісі. Басшы мен концертмейстердің сауатты жұмысы, хордың жарқын музыкалық образдар жасауға деген шығармашылық қатынасы, кәсіби орындаушылық - осының бәрі өнер көрсетуге ерекше энергиясын жасауға ықпал етті.                                                   

          Қазақ ұлттық өнер университетінің, Біржан сал атындағы музыка колледжінің оқытушылары, БММ мен БӨМ-нің қосымша білім беру педагогтары қатарынан білікті және кәсіби қазылар алқасы конкурстық тыңдауларды бағалады.  Хор ұжымдары арасында 6 жеңімпаз ұжым анықталып, 11 ұжым номинацияларда атап өтілді. Барлық жеңімпаздар диплом және сыйлықтармен марапатталды.                                                                         

         Біздің хор ұжымына, оның жетекшісі және концертмейстерге шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер мен жеңістер тілегіміз келеді!