Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жас музыканттардың қорына 170 жүлделі орын
08-02-2021 08:51
Жас музыканттардың  қорына  170 жүлделі орын

Музыкалық мектепте оқу ноталық сауаттылықты игерумен қатар, әртүрлі музыкалық аспаптарда ойнауды, түрлі деңгейдегі байқауларға, фестивальдерге қатысуды қамтамасыз етеді. Мақсаты-пәндік саланы дамыту, орындаушылық шеберлікті арттыру, дарынды балаларды қолдау, жеңіске деген ерік-жігерді және ұжымшылдық сезіміне тәрбиелеу.

Оқу жылының бірінші жартыжылдығында Павлодар  қаласы балалар музыка мектебінің оқушылары 54 түрлі байқауға қатысты, оның ішінде – 45 халықаралық, 9 – республикалық. Мектеп қорына 170 жүлделі орынмен толықтырылды, оның ішінде 32-оқушы гран-при, I орын - 77, II орын - 42,    III орын-19.

"DREAMFEST", "Тhe Song", "JAS DARYN", "Alash өнер оrdasy", "INSPIRATION", "Қазақстан таланттары" халықаралық байқауларының бірнеше мәрте гран-при, I орын иегерлері 7-14 жас аралығындағы вокалистер мен аспапшылар Таранченко Дарья, Жасбулатова Нураиым, Рауш Арианна – «Премия нового формата», Муксинова Энджия - итальяндық халықаралық "Тhe Song" байқауының қазылар алқасын өз дарындарымен таң қалдырды.

10-15 жастағы вокалистер Таранченко Дарья, Муксинова Инджия, Рауш Арианна дауыстың әдемі тембрін меңгерген, гитара мен фортепианода ойнаумен айналысады. Аспапшылар Тілеуов Батырхан – 12 жаста, Марина Панихина – 7 жаста, өзінің жас болғанына қарамастан, қазылар алқасының жүрегін өздерінің домбыра мен скрипкадағы виртуозды ойынымен жаулап алады.

Мектептің музыкалық ұжымдары: "INSPIRATION" және "Премия нового формата" фестиваль-конкурстарында жоғарғы сынып хоры, "Мелодия души" балалар, жасөспірімдер шығармашылығының II Халықаралық онлайн конкурсында төменгі сынып хоры, "Серпін" домбырашылар ансамблі және "Өрлеу" халықаралық " TALANT KZ "конкурсында бас жүлдені иеленді.

"Байқауға қатысу - бұл жарқын және ұмытылмас әсер, біздің оқушылардың одан әрі шығармашылық және кәсіби өсуіне тұрақты ынталандыру", - дейді басшының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Нурлан Бакытович Кайшанов.