Сенім телефоны
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Театр режиссерден басталады
18-02-2021 08:44
Театр режиссерден басталады

Кеше «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Енбек елдің мұраты» арнайы жобасының аясында Павлодар қаласының Балалар музыка мектебінде        онлайн-режимде белгілі театр режиссері, құрметті мәдениет қызметкері, А. П. Чехов атындағы орыс драма театрының көркем жетекшісі Виктор Валентинович Аввакумовпен онлайн-режимде шығармашылық кездесу өтті.

Онлайн-кездесуге Павлодар қаласының Балалар музыка мектебінің       50-ге жуық оқушылары мен педагогтары қатысты.                              

Виктор Валентинович Аввакумов - белгілі режиссер, А .П. Чехов атындағы Павлодар драма театрының директоры және көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасы Театр қайраткерлері одағы басқармасының мүшесі.      Онлайн-кездесуде Виктор Валентинович театр басшысы ретінде қалыптасу жолы туралы әңгімеледі. Мектеп театр ұжымындағы алғашқы қадамдар туралы, музыка мектебінде оқу және достары Бари Алибасов пен Юрий Лозамен музыкалық мансапты бірлесіп бастау туралы. Сондай-ақ, Виктор Валентинович театрдың және шығармашылық ұжымның жұмысы туралы айтып, қызықты сәттерге тоқтала отырып,  Камзин, 78 ҚБ музыкалық мектебінің ұжымымен бірлескен Иван Чистяков атындағы қалалық театр студияларына арналған жұмысын еске алды.                                       

Виктор Аввакумов оқушылардың қойған сұрақтарын қызығушылықпен тыңдап, оларға жауап берді. Музыка мектебінің оқушыларына өнердегі шығармашылық дағдыларын дамытуды тіледі, өйткені ол да өзінің алғашқы мамандығы бойынша музыкант.                                                                       

Виктор Аввакумов қазіргі әлемде жалпы өнер туралы ұмытпау қаншалықты маңызды екендігі туралы да айтты. Театр пандемияға байланысты көрерменмен қарым-қатынасты сағынатынын айтты.                       

Кездесу жақсы атмосферада өтті. Оның соңында балалар кездесу туралы өте жылы лебіздерін білдіріп, өз әсерлерімен бөлісті.