«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Еңбек - елдің мұраты» арнайы жобасының «Шаг навстречу» мектеп жобасының аясында Павлодар қаласының музыка мектебінің түлектері мектептің жас музыканттарына арналған шеберлік-сабағын көрсетті. Жеті түлек мектептің 15 педагогымен бірлесіп «Ұрпақ NEXT» концерттік бағдарламасын ұсынды. Түлектер қазіргі уақытта Павлодар музыкалық колледжінің 1-4 курс студенттері болып табылады.
Павлодар балалар музыка мектебі басшысының міндетін атқарушы Ольга Бобровскаяның айтуынша, үлкен мерекелік концерт Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналды.
– Бүгін біз сахнадан заманауи шығармаларды, классикалық шығармаларды, халық әндері мен халық күйлерін заманауи өңдеуді естідік, - дейді Ольга Бобровская. - Бұл концерт осындай бірқатар іс-шараларды ашады деп ойлаймын. Бұл жас талантты музыканттардың бірқатар қойылымдары болады.
«Ұрпақ NEXT»