Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Байқау «Үкілі домбыра»
30-04-2014 09:45
Байқау «Үкілі домбыра»

 

Жақында Құрманғазы атындағы №1 музыка мектебінде мектепішілік «Үкілі домбыра» атты байқау ұйымдастырылды. Аталмыш шараға осы оқу ордасында білім алып алып жүрген 18 оқушы, 4 ансамбль мен бір ұлт аспаптар оркестрі қатысып, өз ара бақ сынасты.

Байқауды өткізудегі басты мақсат – үш жылда бір рет болатын «Жас музыканттар» атты байқауға дайындықтың барысы мен жас музыканттарды сахна өнеріне баулу болып табылады.

Бір айта кетер жәйт, 2009 және 2012 жылдары облыс аумағындағы музыка мектептерінің арасында өткен облыстық «Жас музыкант» байқауында Құрманғазы атындағы №1 музыка мектебінің шәкірттері бас жүлдені иеленген болатын. Сөйтіп, олар Алматы қаласында өткен республикалық «Жас музыкант» байқауында Павлодар облысының намысын қорғап, жүлдегері болыпкелді.

Биылғы байқауда музыка мектебінің оқушылары жеке орындаушылар және ұжымдар арасындағы сайыс бойынша өз ара жарысқа түсті.

Үміткерлер еркін таңдау бойынша екі күйден, ал, ұжым болып өнер көрсеткендер екі шығармадан орындады.

Жас музыканттардың өнерін Павлодар қаласындағы Чайковский атындағы Дарынды балаларға арналған музыка колледж-интернатының оқытушысы, студенттік оркестрдің жетекшісі және қалалық мәдениет бөлімінің «Әл-Әки» фольклорлық ансамблінің жетекшісі Орымбаев Жасқайрат Қайдарұлы төрағалық еткен қазылар алқасы, атап айтқанда: Құрманғазы атындағы №1 музыка мектебінің директоры Бобровская Ольга Леонидовна, Құрманғазы атындағы №1 музыка мектебінің оқу ісінің меңгерушісі Прокопенко Евгения Николаевна, тәрбие ісінің меңгерушісі Әкімханова Алтынай Нұрымжанқызы, Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Жас еркін» атты домбыра үйірмесінің жетекшісі Райымбеков Қуаныш Егеубайұлы бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша - 1-ші орынды 4 курс оқушысы Нұрдуллаев Динислам; 2-ші орынды 4-ші сынып оқушысы Жанель Якупова, 7-сынып оқушысы Камила Кернеева; 3-ші орынды иеленді 5 - сынып оқушысы Назира Омар, 7-сынып оқушысы  Индира Омар және 1 курс оқушысы Айшат Бақытова; Дипломант атағына ие болғандар қатарында – 1-ші орынды 5-сынып оқушысы Асхат Тоғжан, 2-ші орынды 5-сынып оқушысы Әнел Сайдағали, 7-сынып оқушысы Радамес Қылышбеков, 3-ші орынды 2 -курс оқушысы Аида Канафина, 4 курс оқушысы Динара Иранова, 2-ші курс оқушысы Қайролла Ерқанат иеленді.

Ұжымдар арасында мектептің Қуаныш Мейрамұлы Ермекбаев пен Нұрлан Бақытұлы   Қайшанов жетекшілік ететін қазақ ұлт аспаптар оркестрі бас жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, Гауһар Арғынқызы Абжанова жетекшілік ететін «Кербез» ансамблі мен Гүлмира Зетханқызы Тезекбаева жетекшілік ететін қобызшылар ансамблі 1-ші орын алды. 2-ші орынды Ишанқұлов Берік Қошанбайұлы жетекшілік ететін  кіші топ ансамблі иеленді. 3-ші орынды Қуанов Дәурен Болатұлы жетекшілік ететін орта топ ансамблі иеленді.

Биылғы жылы да Құрманғазы атындағы №1 музыка мектебінің оқушылары байқауда жақсы нәтиже көрсете білді.