Телефон доверия
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Адрес: Республика Казахстан, 140000, г. Павлодар ДМШ ул.Машхур Жусупа, 33; Структурное подразделение ДМШ ул. Камзина, 78; Структурное подразделение ДМШ ул. Бакинская, 4; Структурное подразделение ДМШ с.Кенжеколь, Кенжекольская, 5
300764, 300762, 300761
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Алтын бұлақ» атты IV қалалық фестиваль-конкурсы
06-05-2014 03:36
«Алтын бұлақ»  атты IV қалалық фестиваль-конкурсы

 

Шараның мақсаты: балалардың хорда ән айту дәстүрін дамыту, қолдау, және сақтау болып отыр, үздік шығармашылық ұжымдарды анықтау,хор музыкасының үздіктерін әйгілеу;вокал өнері саласындағы талантты жәнекелешегі бар балаларға жан-жақты қолдау жасау, қатысушылар мен көрермендерді жақсы үлгідегі заманауи вокал музыкасына тарту.

 Сахнаға Құрманғазы атындағы №1 БММ, №3БММ, Кенжекөл ауылының БММ және «Дарынды балаларға арналған музыкалық колледж-музыкалық мектеп-интернат» кешен» ММ-і хор ұжымдары шықты. Олардың орындауында Ж. Бизе, Г. Гладков, М. Хромушин, Е. Птичкин, заманауи қазақ композиторлары С. Байтереков, Ә. Әбдинұров, С. Ставеров, Б. Ғизатовтың шығармалары болды.

Конкурстың орындаушылары кіші (7-9жас), орта (10-12 жас) және жоғарғы (13-16 жас) жас топтарға бөлінді.  Құзіретті қазылар алқасы олардың музыкалық деңгейлігін, интонация тазалығын және дыбыс сапасын, әртістілігі мен сахналық мәдениеттіліктерін бағалады.

            Конкурсың жеңімпаздары, олардың педагогтары дипломдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен, сонымен қатар естелік сыйлықтармен марапатталынды.

Құрманғазы атындағы №1 БММ хор ұжымдары мен оқушылары дайындықтарының жоғары дәрежеде екендігін көрсете білді. Хор фестивалі мектептің жиынтық хорының керемет орындаушылығымен ашылды(жетекшілері С. А. Бахмат, К.В. Миронец, сүйемелдеуші Д.С. Масленников). Балалар хоры ойнақылықпен көңілді, нақты дикциямен Ж.Бизенің «Кармен» операсынан «Ұлдар хорын» орындады. Мектеп педагогы, композитор Г.Б.Хазырованың «Радуга» және «Музыка» әндері вокалдық ансамбльдің (жетекшілері Н.Г.Кабурнеева және Г.Б.Хазырова) орындауында жүрекке жетерліктей, әсерлі орындалды.

Г.Б.Хазырованың шығармашылық кеші Құрманғазы атындағы №1 БММ-де 5 мамырда болады, бір сахнада педагогтар, мектептің оқушылары орындаушылықтарын көрсетеді.

Жеке және ансамбльде ән айту бөлімінің оқушылары да сыйлы орын алып, конкурсқа дайындықтарының жақсы деңгейде екендігін көрсетті. Біз өзіміздің жас жұлдыздарымызды мақтан етеміз.

Жоғарғы топ

1 орын- Карпенко Екатерина  №1БММ  пед. К.В Миронец.

2 орын - Жаканова Гулнұра №1БММ  пед. А.Н.Король

Орта топ

1 орын- Линнас Елизавета №1БММ  пед. С.А.Бахмат

2 орын- Усина Нұрай №1 БММ   пед. К.В.Миронец

Кіші топ

2 орын- Петрова Полина №1БММ  пед. Н.Г.Кабурнеева

3 орын- Толеубек Казбек №1БММ  пед. Г.Т.Макышбаева