Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Педагогтардың тәжірибесі мен шеберлігі
07-02-2017 06:23
Педагогтардың тәжірибесі мен шеберлігі

Колледж, мамандырылған мектептер және Қазақстан Республикасы мәдениет және өнер қосымша білім беру мекемелерінің оқытушылары арасында өткізілген республикалық конкурсқа Павлодар қаласы Құрманғазы атындағы №1 балалар музыка мектебінің 3 педагогы қатысқан болатын. Конкурсқа теориялық пәндер, фортепиано, сольфеджио бойынша электронды оқу құралдарының әдістемелік әзірлемелері ұсынылды.

2017 жылғы ақпанда алған конкурс қорытындылары бойынша «Әдістемелік әзірлеме» аталымында фортепиано педагогы Елена Александровна Попова «Оқушының көрермендер алдында сахнада өнер көрсету сәттілігінің алғышарты»тақырыбында әзірлемесін ұсынып I-орынға, теориялық пәндер педагогы Ирина Владимировна Валеева «Сольфеджио сабақтарында танымдық қызмет дамуы үшін қолданылатын ойын жұмысының түрлері»тақырыбында II-орынға,теориялық пәндер педагогыЭльвира Геннадьевна Кощук«Қозғалыс қызметін белсендендіру – музыкалық-ритмдік қабылдауды қалыптастыру әдісі ретінде» тақырыбында III-орынға ие болды.Ирина Владимировна Валеева қазақ музыка әдебиеті бойынша «Қазақ аспап мәдениетіндегі орындаушылық дәстүр ерекшеліктері» тақырыбында қазылар төрелігіне ұсынған құралымен «Электронды оқу құралы»аталымында III-орыниегері атанды.

Конкурс 2017 жылғы 23-27 қаңтарда Қазақ ұлттық өнер университетінде өткен болатын.Мақсатыинновациялық педагогикалық, білім беру және тәрбиелеу әдістемелерін кеңінен тарату, педагогикалық тәжірибе алмасу, сабақ беру инновациялық әдістемелерін қолдану тәжірибесі. Қазылар құрамында музыкафакультетініңдеканы, өнертану кандидаты, доцент, профессор П.Ш.Шегебаев, «Музыкатану»кафедрасының аға оқытушысы, ғылыми хатшыФ.С.Баширова, университеттің «Фортепиано» кафедрасының доценті Л.В.Латышова жұмыс жасады.Конкурсқа200-ге жуық жұмыс ұсынылды.