Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Республикалық «Үздік бейнесабақ» интернет-конкурсы
29-12-2016 08:33
Республикалық «Үздік бейнесабақ» интернет-конкурсы
Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде педагогтар өз оқушыларымен республикалық «Үздік бейнесабақ» интернет-конкурсына қатысуы айтулы оқиға болды. Конкурс ұйымдастырушысы – ҚР БҒМ республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы. img_3195Конкурс мақсаты – педагог қызметінде инновациялық үдеріс сапасын арттыру, олардың кәсіби өсуіне ықпал ету, шығармашылық әлеуетті іске асыру үшін жағдай жасау. Конкурсқа барлығы 21 жұмыс ұсынылды. Оған қосымша білім беру педагогтары қатысты. Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізілді: 1) «Музыкалық оқыту бойынша үздік бейнесабақ»; 2) «Суреттен үздік бейнесабақ»; 3) «Декоративті-қолданбалы шығармашылықтан үздік бейнесабақ»; 4) «Театр өнерінен үздік бейнесабақ»; 5) «Хореографиядан үздік бейнесабақ»; 6) «Үлгілеу және дизайннан үздік бейнесабақ»; 7) «Цирк өнерінен үздік бейнесабақ»; 8) «Кино өнерінен үздік бейнесабақ»; 9) «Әскери-патриоттық тәрбиеден үздік бейнесабақ»; 10) «Жеке тұлғаны әлеуметтендіруден үздік шеберлік сағаты». Конкурс қатысушылары ұсынған жұмыстар келесі критерийлерден 5 балдық жүйемен бағаланды: номинацияға сәйкес келуі, оқу материалының мазмұны: қолжетімділік, өзектілік, проблеманың ашылуы, материалдың ғылымилығы және қолжетімділігі; таңдалған әдіс, құралдар, оқытудың нысаны сабақ мақсатына сәйкес келуі; бейне сценарийінің құрылымы және мазмұны; педагогикалық технологиялар және интерактивті әдістерді пайдалану; бағдарламалық талаптардың іске асырылу дәрежесі; аудиовизуалды технологияларды пайдалану; келешекте аталған бағдарламаны қолдану; сабақ жүргізу шеберлігі; жұмысты безендіру мәдениеті; аудиовизуалды сүйемелдеудің сапасы. Республикалық «Үздік бейнесабақ» интернет-конкурсы қазылар алқасы мүшелерінің шешімі негізінде 16 қатысушы жеңімпаз атанды. Педагогтар конкурсқа «Развитие вокально-хоровых навыков в процессе работы над произведением», К.В.Миронец, «Бастауыш сынып окушыларының нота оқу сауаттылығын арттыру жолдары», К.М. Ермекбаев, «Жарысқа дейінгі ұжымның дайындығы. Шығарманың сахналық бейнелеудегі образын ұсыну жұмысы», Г.А. Абжанова, Э.Г. Кощук, «Приемы формирования музыкальной компетенции «Знаки в тональностях» тақырыптарында өз бейнесабақтарын жіберді. Оқушылар, педагогтар және олардың ұжымының шығармашылық еңбегі қазылар алқасы мүшелерімен жоғары бағаланған болатын. «Музыкалық оқыту бойынша үздік бейнесабақ» номинациясында педагог К.В.Миронецтің сабағы конкурстың Бас жүлдеге ие болды. Педагогтар К.М. Ермекбаевтың, Г.А. Абжанованың сабақтары үшінші орында. Педагог Э.Г. Кощуктың сабағы қатысқаны үшін сертификатқа ие болды. Интернет-конкурсқа қатысу – бұл жарқын және ұмытылмастай әсер етіп, шығармашыл және кәсіби өсуге ынталандырады.