Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Менің Отаным - өлең жолдарында
27-12-2016 06:59
Менің Отаным - өлең жолдарында
Павлодар қаласында Достық үйінде «Менің Отаным!» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Мерекелік концерт Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің Отаным - өлең жолдарында» конкурсын қорытындылауға арналған болатын. Үш апта бойы барлық облыстан келген балалар өз Отанына деген махаббатын қылқалам және бояудың көмегімен айтып берді. Қорытындысында шамамен 200-дей жұмыс ұсынылды. Облыстық «Звезда Прииртышья» газеті басты ұйымдастырушысы. Мерекелік іс-шараға Құрманғазы атындағы № 1 БММ тәрбиеленушілері және славян мәдениет орталығы белсенді қатысты. Қатты аязға қарамастан, достық үйінің акт залында Павлодар облысынан жиналған балалар өз қуаныштарымен бөлісуге жиналды. Облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің бас редакторы Владимир Долгушев, ақын Ольга Григорьева, суретші Александр Иванович Колодин, ақын Елена Игнатовская өз құттықтауларын жеткізді. 5ed41bf437deМузыка мектебіміздің тәрбиеленушілерінің, оның ішінде, домбырашылардың триосы (педагог К.М. Ермекбаев), «Musicboys» вокал триосы: Новосельцев Роман, Келден Әлихан және Ляхов Артем (педагог С.А. Бахмат), Усина Нұрай, Рудик Яна (педагог К.В. Миронец). Балалардың ғажап орындауы, жарқын костюмдері нағыз мерекенің көңіл-күйін сыйлады. Конкурс жеңімпаздары конкурс дипломдарымен ғана марапатталмай, кеңсе тауарларын сатып алуға сертификаттар, облыстық газеттің балалар парағының естелік белгісі, облыстың қызықты оқиғаларымен танысып отыру үшін газетіне жылдық жазылуына ие болды.