Қалалық демалыс орталығында «Ата заң тұрақтылығы - Қазақстан тұрақтылығы» атты іс-шара – әлеуметтік калейдоскоп өтті. Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мерекелік концертке Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің педагогтары мен тәрбиеленушілері зор ықыласпен қатысты.
Аталған іс-шараның ұйымдастырушысы балалар шығармашылығы орталығы болып табылады. Жарқын вокалдық және аспап номерлері, әдемі костюмдер, би қойылымдары тамаша мерекелік көңіл-күй сыйлады. Жалпы білім беретін мектеп оқушылары, көрермендер жас әртістерді қуана қарсы алды. Домбырашылар ансамблі Құрманғазының «Адай», «Балбырауын» күйлерін тартса, Кирилл Перминов баянда Б.Тихоновтың «Карело - финскую польку» шығармасын орындады, Нұрай Усина «Қазақ елі» әнін, Дарья Лосева «Времена года», «Парус мечты» әндерін, Милана Айтуганова «Лето» әнін шырқап берді. Мектеп педагогтары Иван Вячеславович Кузякин Консуэло
Веласкесаның «Бесаме мучо», Евгения Михайловна Лысова А. Меркузидің «Jotem» шығармаларын орындады.
Тәрбиеленушілер үшін әр өнер көрсету - бұл нағыз мереке, концертке келген көрермендерге тамаша көңіл-күй мен шығармашылық әлемінің кішкентай бөлшегін сыйлау.