Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Сириус» траекториясында музыка әлемімен кездескенше!
15-08-2016 08:04
«Сириус» траекториясында музыка әлемімен кездескенше!
Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің жанындағы жазғы «Сириус» лагерінде екінші маусым да аяқталды. Лагерьдегі қызықты өмір балалардың бойына ұмытылмас сезім қалдырды. Ерте кезден музыка өнері өскелең ұрпақты тәрбиелеу үшін үлес қосатын. Музыкаға қатысты байырғы үзінділерде әуен адам бойына сезімталдылық, адамгершілік, төзімділік, мейірімділік әкеледі деген сенім болған. Бүгінгі музыка педагогикасы бұл тұжырымды бекіте түсуде, себебі, музыка тәрбиесі көзқарасты, талғамды қалыптастыруға, сезім мен адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Бала үшін музыка – ғаламат сезім, көңіл толқыны. Әр баланың бойында музыканы сезіну, түйсіну сезімі пайда болады. IMG_2169Құрманғазы атындағы № 1 БММ «Сириус» лагерінде өткізілген іс-шаралар тәрбие міндеттерін іске асыру жөніндегі жұмыстың түрлі нысандарын көрсетеді:
  1. жалпыадами және ұлттық құндылықтарды игеру үшін жағдай жасау;
  2. баланың эстетикалық сапасын дамыту, жеке тұлғаның мәдени құндылығын қалыптастыру;
  3. балаларды еңбек қызметі мәдениетіне тәрбиелеу;
  4. балалардың жас ерекшелігіне қарай жағымды, қолайлы жағдай жасау;
  5. денсаулығына жауаптылықпен қарауды қалыптастыру;
Бұл маусымның барлық әсер, оқиғалар, дыбыстар мен бояулар бала ойында қалады, себебі, музыка өнер әлемін ашады, шығармашылық мүмкіншілігін дамытуға әсерін тигізеді.IMG_2184 Балалар «Маскарад» қорытынды іс-шараға дайындала отырып, киімдерден түрлі әдемі маскалар, фантастикалық гирляндаларды, таңғажайып коллаждарды әзірледі, бұл олардың әртістік, көркемдік, музыкалық мүмкіндіктерін танытады, себебі, музыка оларды іске асыру үшін рух беріп отырды. Балалар караоке-клубпен қоштаса тұрып, әсерлі әндерін орындап шықты, әндерді жаттай отырып, ән айту дағдыларын игеру үшін қажетті білім ала білгендері үшін super-ата-аналар-музыкантшыларға алғыстарын жеткізді. Қолдан жасалған бұйымдармен безендірілген залда тамаша конкурстар, музыкалық викториналар, би сайыстарымен мерекелік іс-шара өтті. Қорытынды мерекеде балалардың шығармашылық жағынан талантты екендерін тағы бір мәрте байқатты. Балалар достасып қалған бір-бірімен қимай қоштасты.