Жаз – бұл ойын-сауық, бір жыл ішіндегі сарқылып қалған күшті қайта қалпына келтіру уақыты. № 1 БММ мектеп жанындағы лагері - балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, рухани әлемін байытудың бастапқы орталығы. Мектеп жанындағы жазғы лагерь өмірі қызыққа, кездесулер мен ашылуларға толы болды. Бәріміз екі апта бойы үлкен отбасы ретінде өмір сүрдік. Әр бала өзіне жақын достар тапты, айналаны жақынырақ танып, көп нәрсені үйренді. Сондықтан да, бүгінгі «Сириустағы» мереке біраз мұңды, себебі бірінші маусым аяқталды. Балалар көп жағымды әсер алды: «Барлығына арналған оркестрмен» бірге сахнаға шықты, «Муха-цокотуха» және «Три поросенка» ертегілеріне заманауи бағытта театрландырылған қойылым көрсетті, барлығына таныс флэш-мобқа қатысып, достық хорымен сүйікті әндерді орындады. Жүлделер мен ойындар лагерьдегі соңғы күннің айтулы ашылуы болды. Балалар қонаққа шақырылған ата-аналарын және достарын сахнаға шығуларымен таң қалдырды.
Осындай жарқын, әрі есте қаларлық «таланттар жәрмеңкесін» әрбір баланы мейірімімен бөлеп, қамқорлық көрсеткен, барлық іске жауапты педагогтар ұйымдастырып өткізді. Мектеп жанындағы лагерь педагогтары бүгінде ата-аналардың жылы лебіздеріне қанық болды. Бақытты балаларды көру бір ғанибет. Қоштаса отырып, балалар мектеп жанындағы жазғы лагерьдің тамыз айында жұмыс жасайтын келесі маусымын асыға күтуде.