«Сириус» мектеп жанындағы жазғы лагерінің жаңа қызыққа және танымды іс-шараларға толы аптасы басталды. Педагогтар әр балаға лагерьдегі демалыс қызықты және танымды болуы үшін бағдарламаны жас ерекшелігін ескеріп, әрі ойластырып жасады. Бүгінгі күн Катаев атындағы оқушылар сарайына эксурсияға шығумен балалардың есінде қалды. Балалар «Жауынгерлік Даңқ» мұражайының экспонаттарын қызығушылықпен тамашалап, табиғат бұрышына барып тиіндер мен аламандарды тамақтандырды. Алтын балықтарға қарап әр бала армандарының орындалуын тіледі.
Күн спорттық эстафетамен аяқталды. Біздің ойындарда жеңгендер және жеңілгендер жоқ. Барлығы да жеңіске жетеді. Ең бастысы – өмірдің әр сәтіне қуануды үйрену. Біздің мектеп жанындағы лагеріміз – жаз бойы жаңа достар табудың, жаныңа жақын істер жасаудың, сергектікті, қуатты бойға сіңірудің, жақсы көңіл күй алудың керемет мүмкіндігі!