2016 жылғы 27-28 сәуірде Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің үлкен концерт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған музыка мектептерінің жеке ән айту бөлімдерінің оқушылары мен хор ұжымдарының VI қалалық «Алтын бұлақ» фестиваль-конкурсы өтті. Ұйымдастырушысы – Павлодар қаласының білім беру бөлімі. Павлодар қаласы музыка мектептерінің 250 білім алушысы хор және вокал музыкасы мерекесіне қатысты. Екі күн бойы концерт залы 38 жеке орындаушы, 7 хор ұжымының сыңғырлаған дауысына толы болды, балалар өз шеберліктері мен ең бір бірегей аспап – дауыс иесін көрсете білді. Іс-шара мақсаты – балалар хорының дәстүрін сақтау, қолдау және дамыту, вокал өнері саласында талантты балаларды іздеу. Салтанатты ашылуында Шарбақты ауылы балалар музыка мектебінен келген қонақтар, аймақтық конкурс лауреаттары «Камертон» вокал ансамблі өнер көрсетті, жетекшісі Яна Геннадьевна Зайцева.
Хор ұжымдары даярлықтың жоғары деңгейін көрсетті. № 1 балалар музыка мектебінің «Жоғары сынып хоры» өздерінің кәсібилілігімен тыңдармандарды баурап алды, жетекшісі Ксения Владимировна Миронец, сүйемелдеуші Дмитрий Станиславович Масленников.
Жеке орындаушылар арасында № 1 ББМ оқушысы Сафина Алиясова «академиялық вокал» номинациясында І дәрежелі лауреат атанды, педагог Ольга Викторовна Андрющенко, «эстрадалық вокал» номинациясында - № 1 ББМ оқушысы Роман Новосельцев, педагог Светлана Анатольевна Бахмат, № 2 ББМ оқушысы Жұлдызай Ташенова, педагог Тамара Михайловна Дорошенко. № 1 ББМ оқушысы Дария Бекен жоғары награда Баз жүлдені иеленді, педагог Наталья Георгиевна Кабурнеева.