Достық үйінің концерттік залында музыковед, коллекция жиюшы, композитор және әдебиеттанушы Наум Григорьевич Шафердің мүшелтойы өтті. 85-жылдығына оны құттықтауға достары мен табынушылары келді. Мерекелік концертте әр жылдарда жазылған шығармалары – олар «Дунаевскиге сәлем» маршы, «Менің ескі патефоным» тангосы, «Жаңажылдық вальс» және «Пионерлердің алауы жана бер» әндері. «Пионерлердің алауы жана бер» әнін біздің Құрманғазы ат.№1 БММ вокалдық ансамбілі орындады (жетекшілері К.В. Миронец, сүйемелдеуші Д.С.Масленников) Концертке келген әрбір көрермен , Н.Г.Шафердің жеке шығармасы «Печорин» операсынан жеті үзіндісін тыңдауға мүмкіндік алды. Наум Григорьевич – Шафер мұражай үйінің қалаушысы, онда 25 мың граммофондық пластинкалар сақталынған және әдебиет, музыка және өнер бойынша үлкен кітапханасы бар. Оның коллекциялары - Қазақстан Республикасының байлығы және мәдени мұрасы.