Құрманғазы атындаға №1 БММ тағыда өз есігін аса қуанышпен дайындаушы және бірінші сыныптарды жанұясына қабылдау үшін, жас таланты музыканттарға арнап есігін айқара ашты. Жүрек дірілі және әсерлі толқыныспен, үлкен құшақ гүлдерімен балалар мен олардың ата-аналары қызықты және ғажайып музыка әлемінің табалдырығын аттады. Мерекелік концертті Құрманғазының «Адай» күйімен домбырашылар ансамблі (жетекшілері К.М. Ермекбаев, Н.Б. Кайшанов) ашты. Концерттің әр нөмірі жас музыканттарды түрлі музыкалық аспаптармен таныстырды.: бұл жерде скрипканың дірілдеген, рояльдің толқыған үнін және саксофонның қиялға берілуі, гитара шегінің құлпыруын, баянның өткірлігін естуге мүмкіндіктер болды. Балалардың жайбарақат та, бақытты балалық шақ кезіне позитивтік көніл күйлерімен, барлық балаларға арнап Петрова Полина, Новосельцев Роман «Клякса-Вакса» және «Volare» әндерін орындады. И.Б.Петрова сүйемелдеуімен қобыз аспабында Г.З. Тезекбаеваның жеке орындауы Тәттімбеттің «Былқылдақ» шығармасы концерттің ең бір жарқын нөмірі болды. Бұл керемет аспаптың қызықтырып әкететін үні, оның роялмен қосылған жұмсақ та терең тембірі концертке келген бірде бір көрерменді немқұрайды қалдыра алмады. Жаңа оқу жылы басталды – жаңа шығармашылық жеңістердің, жарқын концерттердің жылы. Махаббат пен қолдаушылық, түсінушілік орнаған біздің музыка мектебіміз, әрбір жас музыкантқа екінші үйі болатындығына сенгіміз келеді.