Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жас музыканттардың XVII қалалық фестиваль-конкурсы
27-02-2017 11:09
Жас музыканттардың XVII қалалық фестиваль-конкурсы

2017 жылғы 23-24 ақпанда № 2 Балалар музыка мектебінде XVII қалалық жас музыканттардың фестиваль-конкурсы өтті. Конкурс ұйымдастырушысы Павлодар қаласының білім беру бөлімі.

         Конкурс жеке орындаушылық (үрмелі аспаптар және шекті аспаптар) және ұжымдық музыка ойнау (ансамбльдік ұжымдар) бойынша өткізілген болатын. Осындай беделді музыкалық тартыста қалалық балалар музыка мектептерінің 27 жеке орындаушысы және 12 ансамбльдік ұжым қатысты.

         Құрманғазы атындағы № 1 музыка мектебінің оқушылары жоғары орындаушылық деңгейін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

         Конкурстың жоғары нәтижесі – жеке орындаушылық аталымында Архат Қайыржан (саксофон), педагогы Олег Леонтьевич Гонтовой Гран-при, I-орын - Шандор Домбровский (маримба), педагогы Александр Александрович Андрющенко, Домарь Эдуард (кларнет), педагогы Олег Леонтьевич Гонтовой, II-орын - Адия Алдунгарова (саксофон) педагогы Евгения Михайловна Лысова, Григорий Масколец (труба), педагогы Константин Сергеевич Макаров, III-орын - Майя Шумакова (саксофон) педагогы Юрий Александрович Халимон иеленді, қатысқаны үшін Камила Амирханова (саксофон), педагогы Юрий Александрович Халимон, Тамила Частий (скрипка), педагогы Ольга Владимировна Гагарина марапатталып, ұжымдық музыка ойнау аталымында I-орынға саксофонистер ансамблі , жетекшісі Евгения Михайловна Лысова, «Радуга» кіші сынып оқушыларының скрипкашылар ансамблі, жетекшісі Ольга Владимировна Гагарина қол жеткізді, IІ-орынды «Гварнели» скрипкашылар ансамблі, жетекшісі Наталья Викторовна Захарчук, III-орынды – «Аллегро» шекті аспаптар ансамблі, жетекшісі Ольга Владимировна Гагарина иеленді.

Жас музыканттар конкурс-фестивалі жүлдегерлер және олардың педагогтарын марапаттау салтанатымен аяқталды.