Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Адрес: Республика Казахстан, 140000, г. Павлодар ДМШ ул.Машхур Жусупа, 33; Структурное подразделение ДМШ ул. Камзина, 78; Структурное подразделение ДМШ ул. Бакинская, 4; Структурное подразделение ДМШ с.Кенжеколь, Кенжекольская, 5
300764, 300762, 300761
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Көктем лебізі
31-03-2017 05:59
Көктем лебізі

30-наурызда Павлодар оқушылар сарайының кіші залында «Көктем лебізі» әдеби-музыкалық шарасы өтті.
Мереке қонақтары «Самал» оңалту орталығындағы мүгедек балалар, № 9 мектеп-гимназия оқушылары және «Рауан» оқушылар сарайы әдеби студиясының жас ақындары (жетекшісі М.В. Юрченко).
Павлодар қаласындағы Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебі оқушыларының мерекелік өнер көрсетуі ерекше лирикалық әсер сыйлады. Фаиль Сибагатуллин В.Семенютаның «Веселые каникулы» пьесасын орындады. Ислам Абдрахманов О.Копенковтың «Con amore» туындысын шырқады. Диас Шамуратов және Владислав Степанов заманауи гитара ойыншыларының «Карнавал» және «Кішкентай Ковбой» жарқын пьессаларын орындап барлық тыңдаушыларды қуат әсерімен толтырды. Классикалық гитара әуені барлық қатысушыларды баурап алды.
Қонақтар алдында Павел Васильев атындағы әдеби бірлестіктің павлодарлық ақындары Елена Вайберт, Евгения Юдинцева және Марина Юрченко сөз сөйледі. Олар көктемге, махаббатқа және достыққа арнаған өлеңдерін оқыды.
«Самал» оңалту орталығының екі дарынды тәрбиеленушісі Екатерина Семенистая мен Әлия Асанованың өнер көрсетуі ешкімді де бейжай қалдырған жоқ. Әлия «Мен-патриотпын» авторлық өлеңін оқып, «Улетай, туча!» әнін орындап барлығын қуантты. Сонымен қатар, жиналғандар алдында «Рауан» әдеби студиясының жас ақындары өнер көрсетті.
Мереке жылы әрі мейрімді болды. Тараған кезде осындай мұңды әрі суық күндері қоршағандармен бөлісу үшін әрбіреуі өз жүрегінде жылулық пен жарықтықтың бөлшегін алды.