Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Адрес: Республика Казахстан, 140000, г. Павлодар ДМШ ул.Машхур Жусупа, 33; Структурное подразделение ДМШ ул. Камзина, 78; Структурное подразделение ДМШ ул. Бакинская, 4; Структурное подразделение ДМШ с.Кенжеколь, Кенжекольская, 5
300764, 300762, 300761
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Республикалық фестивальдің гала-концертіне қатысу
22-11-2017 05:56
Республикалық фестивальдің гала-концертіне қатысу

Дүниежүзілік Бала күнін мерекелеу шеңберінде 2017 жылғы 20-21 қарашада Астана қаласында «Балаға мейірімді Қазақстан» халықаралық конференция және республикалық форум-фестивалі өткізілді. Фестивальге республиканың барлық өңірлерінен 320 бала, балалар қоғамдық ұйымдарының көшбасшылары, республикалық және халықаралық интеллектуалды олимпиадалар мен шығармашылық конкурстардың жеңімпаздары қатысты. Мақсаты – «Мәңгілік ел» бағдарламасы шеңберінде өскелең ұрпақтың жасампаз азаматтық ұстанымы мен бай рухани құндылығын қалыптастыру. Мерекенің ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі, Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ БҰҰ балалар қорының қолдауымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі болып табылады.
 Форум бағдарламасында республикада балалар қозғалысын ұйымдастырудағы және жандандырудағы өзекті мәселелерді талқылауға, балалардың шығармашылық, ғылыми, қоғамдық әлеуетін көрсетуге, балалар ұжымының арасында шығармашылық байланысты нығайтуға, шешім қабылдауға қатысудағы балалар құқықтарын іске асыруға арналған алаңдар ұйымдастырылды.
 Форумға облыстың 10 баласы, оның ішінде Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің оқушысы, халықаралық (2016 жыл) және республикалық (2015 жыл) конкурстарының жеңімпазы Новосельцев Роман қатысты. Қорытынды гала-концертте Романның шырқауындағы ән ең бір жарқын нөмірлердің бірі болды. Ол M. Parish сөзіне, D. Modugno музыкасына жазылған «Volare» әнін орындады, залдағылар ду қол шапалақтап, әнге қосылып, би биледі. Романның сөзімен айтсақ, ең бастысы қарым-қатынас, жаңа достар, орындаудан алған ұмытылмас әсер алу.