Қысқы каникул күндері Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде ерте жастан музыкалық сахналық дамыту тобында жетекшісі Юлия Вадимовна Захарчук, Г.Х. Андерсеннің «Қар ханшайымы» ертегісінің жаңа жылдық қойылымы өтті.
Жаңа жыл – үнемі ғажайыпты күту, сиқырға айналу, қызықты оқиғалар мен таңғажайып өзгерістерге толы. Спектакльдің қойылымында жас актерлердің сөз мәнері, қылықтары, би нөмірлеріндегі пластикада тыңғылықты жұмыс атқарғаны байқалды.
Премьералық спектакльге дайындалуға ата-аналар мен мектеп педагогтары жұмылдырылды. Барлығы аса қызығушылықпен костьюмдер таңдап, спектакльге декорация дайындады, сахнаны және көрермендер залын безендірді.
Спектакль қойылымы балалар мен ересектерді ертегінің сиқырлы әлеміне баурап әкетті. Барлық қатысушылар мерекелік оқиға атмосферасына еніп кеткендей күй кешті. Қойылым соңында Аяз ата келіп, барлық спектакль қатысушыларына жаңа жылдық тәтті сыйлықтарды тарту етті. Ертегіде ғажайыптар кездеседі, сахнада да таңғажайып орын алды: біздің бөбектер кішкентай әртіске айналды! Мереке көңілді, мейірімді және нағыз жаңа жыл мерекесі болды.
«Қар ханшайымы» ертегісінің қойылымы