Наурыз мейрамы қарсаңында Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебі екі күн бойы № 115 балабақшаның бүлдіршіндеріне естен кетпес мерекелік концерт қойды. Мақсаты – ұлттық музыканың қайнар көзіне тарту.
Жас музыканттардың қолдарындағы қазақ ұлттық аспаптарын сыйқырлықпен ойнап тұрғандай. Бүлдіршіндер Нұркен Айшаның орындауындағы жетігеннің әдемі сазын тамсана тыңдады.
Бейсенхан Толғанай, Шекербаев Адильжан Құрманғазының «Бос шолақ», А. Райымбергеновтың «Секіртпе» күйлерін орындап, залды домбыраның сыйқырлы әуенімен баурап алды.
Оразова Дананың орындауындағы «Балқадиша» әнінде қобыздың әуені кішкентай тыңдаушылардың жүректеріне жеткендей.
Калел Рамазан және Имангулов Арғын балаларға «Домбыраның күмбipi» және «Ақ тілек» әндерін сыйлады.
Барлық өнер көрсеткен оқушылар музыкалық аспаптарда ойнау шеберлігін көрсетті. Керемет музыка ешкімді бей-жай қалдырмады, жас көрермендер орындаушыларды ду қол шапалақтап алғыстарын білдірді.
Ұлттық музыканың қайнар көзіне тарту