Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Біз Бұқар жырау атындағы музейдеміз
10-08-2018 11:26
Біз Бұқар жырау атындағы музейдеміз

Кез келген музейге экскурсия жасау әрдайым танымды және қызықты. Музейде біз пайда болғанға дейінгі өткен жылдардан қалған құндылықтар сақталады және бүгінгі таңда үлкен тарихы мен мәдени құндылығы бар. Сол себепті музейге экскурсия жасау алдында әдеттегіден тыс және ерекше бір нәрсе күтіп түрғандай.
Павлодар облысының Бұқар Жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің экспозициясы өткен, бүгінгі және болашақ тарихпен байланысты. Қазақ халқы өз тарихын өлеңдер мен ән жолдарында өз тарихының шағын және ірі оқиғаларын баяндайды, өзінің қуанышы мен қайғысын аңыздар мен хикаяларда мәңгі есте қалдырды. Экскурсия жетекшісі музейдің бірінші залында дін мен ұлттық шығармашылық философияның өзіндік және еркін баяндалғанын айтты. 2-ші және 3-ші залдар кириллицаға дейін пайда болған көне түрік жазбаларының шығу проблемаларына арналған. Көне жазба көздері басқа түрік және қазақ халықтарымен бірге өзіндік игілігімен мақтан тұтады. Мұнда орта ғасырлық ойшылдар Х.Дулати, Ж.Баласағұнның мәдениеті мен өнеріне арналған экспозиция бар.
Заманауи әдебиет залы экспозициялары Р.Тоқтаров, К.Идрисов, М.Әлимбаев, К.Исабаев, А.Шаменов, А.Жақсыбаев, М.Жаманбалинов, Д.Приймак сияқты ақын-жазушылардың шығармашылығымен таныстырды. Әдеби достық залы балаларды аса қызықтырды – залда В.Ивановтың жұмыс кабинетінің фрагменті жасалған. Жазушылар А.Сорокин, Н.Чернов, П.Васильев, әнші-композиторлар Жаяу Мұса Байданов, Е.Беркімбаев, М.Шамсутдинованың жеке заттары қойылған. Ақпараттардың көптігіне қарамастан балалар экскурсия жетекшісінің әңгімесін аса қызығушылықпен тыңдап, экспонаттарды тамашалады. «Сириус» мектеп жанындағы бейінді лагерінің бастығы Алтынай Нурумжановна Акимханова «Біздің өлкеде біздің балалар тұрады және олар оның тарихы мен мәдениетін білулері тиіс», - деді.