«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде ақын, композитор, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Баянауыл ауылының құрметті азаматы Балтабай Сакенович Садыковпен кездесу өтті.
Кездесуде Балтабай Сакенович домбырада керемет ойнай отырып, «Қайран шешем», «Түрмеден қашқан», «Адай», «Перовский маршы», «Аман бол шешем, аман бол», «Қызыл қайың», «Серпер» күйлерінің шығу тарихы туралы қызықты фактілерді әңгімеледі.
Балтабай Сакенович шығармашылық әңгімелесуде оқушылармен Құрманғазының күйлерін қаншалықты білетіндеріне викторина өткізіп, оның шығармашылығымен, қазақ ұлттық мәдениетке қосқан үлесі, туған жеріне деген махаббаты және талантымен таныстырды.
Қазақ ұлттық аспаптар бөлімінің меңгерушісі Куаныш Мейрамович Ермекбаев «Осындай шығармашылық кездесулер оқушыларымызға ұлттық мәдениеттің қайнар көзін танып білуге көмектеседі. Сол себепті, ұрпақтар сабақтастығын жандандыру өте маңызды, балаларға ата-бабалар бойындағы адамгершілік тұрақтылығын, патриоттық көңіл-күй сыйлау қажет. Балтабай Сакеновичтің өз қызметіндегі ең басты міндеті балаларға ұлттық мәдениет пен ұлттық музыканы әйгілі ету туралы білім беру», - деп атап өтті.
Ұлттық шығармашылықтың қайнар көзін тану