Телефон доверия
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Адрес: Республика Казахстан, 140000, г. Павлодар ДМШ ул.Машхур Жусупа, 33; Структурное подразделение ДМШ ул. Камзина, 78; Структурное подразделение ДМШ ул. Бакинская, 4; Структурное подразделение ДМШ с.Кенжеколь, Кенжекольская, 5
300764, 300762, 300761
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жас музыканттардың жаңа жетістіктері
31-10-2018 11:28
Жас музыканттардың жаңа жетістіктері

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебіндегі жарқын оқиғалардың бірі оқушылардың «Звёздный листопад» балалар, жасөспірімдер және ересектер шығармашылығының V республикалық фестиваль-конкурсына және Алматы қаласында «Күншуақ» республикалық фестиваль-конкурсына қатысуы болды.
Аталған конкурстар музыкалық, би және театр шығармашылығын қолдау және дамыту мақсатында өткізіледі. Конкурстың басты міндеттері: балалар шығармашылық ұжымын дамытуды ынталандыру, жарыстың күш-жігерін жандандыру, балалар ұжымыдары арасында шығармашылық байланыс орнату, шығармашылық ұжым қызметін салыстыра бағалау.
Конкурстарда қазақ ұлттық аспаптар, ұрмалы аспаптар, жеке және ансамбльде ән айту бөлімдері мен ерте жастан эстетикалық дамыту тобының оқушылары мектебіміздің намызын қорғады.
Конкурсқа қатысушылардың барлығы қазылар алқасының жоғары бағасын алғанын атап өткен жөн. Әрқайсысы өздерінің жас ерекшеліктерінде бас жүлде иеленді: Курбан Рахат, Борисов Артем (кларнет) педагог Олег Леонтьевич Гонтовой, Шарапова София, Алиясова Сафина (вокал) педагог Виолетта Юрьевна Бубнова және ең жас қатысушылар «Колибри» вокал тобы, жетекшісі Дарига Булатовна Аллахвердиева. І орын Кусаинова Амина, Жанабаева Адия (вокал) педагог Виолетта Юрьевна Бубнова, Садвокасова Асель (вокал) педагог Регина Владиславовна Иванова, Рақымберді Амира (домбра) педагог Майра Сыздыковна Сексембаева, Идрисова Набина (домбра) педагог Рыскуль Асаубаевна Сабекова.
  Кәсіптік дайындық, педагогтар мен ата-аналарды қолдау, мұның бәрі конкурсқа қатысушылардың сенімділігіне әсер етті. Мектеп оқушылары тағы бір рет конкурстың барлық номинациялары бойынша өздерінің орындау шеберлігінің жоғары деңгейлерін көрсетіп, растады.