Телефон доверия
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Адрес: Республика Казахстан, 140000, г. Павлодар ДМШ ул.Машхур Жусупа, 33; Структурное подразделение ДМШ ул. Камзина, 78; Структурное подразделение ДМШ ул. Бакинская, 4; Структурное подразделение ДМШ с.Кенжеколь, Кенжекольская, 5
300764, 300762, 300761
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Шығармашылық кездесу
03-03-2020 13:39
Шығармашылық кездесу

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Болашақтың музыкалық әлемі» жобасы шеңберінде Павлодар қаласының Балалар музыка мектебінде Павлодар облысының музыканттары және өнер қайраткерлерімен шығармашылық кездесулер жоспарланды. 1-ші кездесу 1 наурыз күні «Аль-Аки» фольклорлық ансамбльдің жетекшісі, Қазақстан Республикасның еңбек сіңірген қайраткері Жаскайрат Кайдарович Орынбаевпен болды.

         Кездесу мақсаты: оқушылардың Павлодар облысының музыканттары және өнер қайраткерлері туралы білімдерін кеңейту, туған қаламыздың тарихы мен мәдениетін терең зерттеуге талпыну үшін жағдай жасау, өз Отанына деген мақтаныш сезімін дамыту. Кездесу барысында Жаскайрат Кайдарович «Аль-Аки» фольклордық ансамбльдің құрылуы туралы айтты.

         Фольклорлық-этнографиялық ұжымның ерекшелігі олардың ескі халық аспаптарының көмегімен өткен ғасырлардағы музыка ерекшеліктерін терең бере білуінде. Сондай-ақ фольклорлық-этнографиялық ансамбльдер өзге де, соның ішінде қазіргі музыканы да терең және нәзік лирикалық түрде орындай алады.

Қазір ансамбльде 15 адам. Ансамбль құрамында көп алуанды ежелгі қазақ аспаптары ішінен келесілері ұсынылған: домбыра, қобыз, қыл-қобыз, шертер, саз-сырнай, жетіген. Және көпке таныс аккордеон, контрабас.

Шығармашылық кездесу барысында мастер-класс өтті, онда балалар фольклоры ұжымына арналған репертуар таңдау мәселесі қозғалды. Жаскайрат Кайдарович мектепте құрылған «Серпін» фольклорлық ансамблімен танысты – жетекшісі Абжанова Гаухар Аргыновна. Қысқа мерзім ішінде мектеп ансамблі Санкт – Петербург қаласындағы «Территория  музыки - без границ» IX халықаралық фестиваль-конкурсының, Мәскеу қаласындағы «Звезды столицы» балалар және жасөспірімдер шығармашылығының XVI халықаралық фестиваль-конкурсының лауреаты атанды.

         Жаскайрат Кайдарович балалар фольклорлық ұжымының кәсібилігін атап өтті және өзара серіктестік туралы келісімге қол жеткізілді. Мектеп оқушылары мастер-классқа қатысып, шығармашылық шабыт алды.