Сенім телефоны
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Музыкалық мектеп түлектерінің мерекесі
16-06-2020 09:37
Музыкалық мектеп түлектерінің мерекесі

Павлодар қаласының балалар музыка мектебінде 2020 жылдың 12 маусымында бітіру кеші өтті. Шығарылым 6 мамандық (фортепиано, жеке ән айту, орыс халық аспаптары, қазақ халық аспаптары, ішекті, үрлемелі аспаптар)бойынша 90 оқушыны құрады. Түлектер арасында 2019 жылғы халықаралық, республикалық, облыстық конкурстардың лауреаттары: Дана Ермұхаметова (Мәскеу қаласында «Звезды столицы»балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының XVI халықаралық фестиваль-конкурсы), Әубәкір Әлішер(Астана қаласында «Dionis»балалар, жасөспірімдер мен ересектер шығармашылығының «Новогодний переполох» ІІ халықаралық фестивалі), Маскалец Григорий, Омарова Эльнара(Павлодар қаласында жас музыканттардың 51-ші облыстық білім фестиваль-конкурсы).  

Мектептің дәстүрі бойынша мерекеде «Дистанционка в музыкалке» атты іс-шара көрсетілді, онда әр түлек өзінің әртістік және музыкалық қабілеттерін көрсетті. Салтанатты іс-шараның барлық қатысушыларын біріктірген «Бірге билейміз» атты жарқын флешмоб өтті. Мерекеде көптеген құттықтаулар, алғыс сөздер мен тілектер айтылды. Барлық түлектерге мектепті бітіргені туралы куәлік берілді. Мектеп басшысының м.а. Ольга Леонидовна Бобровская «Оқу жылдарында балалар музыканы жақсы түсініп, сезініп, бағалай бастады. Мектептің 9 түлегі өз таңдауын жасады және әрі қарай музыкалық білімді жалғастыруды шешті», - деді.