Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Музыкалық қызығушылықты және шығармашылықты дамыту
14-07-2020 08:30
Музыкалық қызығушылықты және шығармашылықты дамыту

Балалар музыка мектебі 22 маусым мен 10 шілде аралығында «Музыкалық альманах» жобасын іске асырды. Мақсаты – адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру, музыка әлеміне қызығушылықты дамыту, композиторлардың шығармашылығымен, классикалық музыкамен, музыкалық терминдермен, аспаптармен танысу. Жобаға қаланың 13 жалпы білім беретін мектептерінен 200 оқушы қатысты.

Жоба аясында мектеп педагогтары «Астор Пьяццолла. Танго длиною в жизнь», «Музыкадағы ертегі кейіпкерлері», (ШароняНадежда Александровна), «Музыкадағы табиғат»(Краснощекова Ирина Леонидовна),«Ұлы Құрманғазы мұрасы» (Валеева Ирина Владимировна), «Его величество «Джаз» (Колбасенко Елена Васильевна)бейне-дәрістер дайындады.

«Астор Пьяццолла. Танго длиною в жизнь» дәрісінде мектеп ютуб-каналында оқушылар аргентиналық музыкант және XX ғасырдың екінші жартысындағы композитордың өмірі мен шығармашылығымен танысты, оның шығармалары джаз және классикалық музыка элементтерімен танго жанры едәуір байытылды. «Музыкадағы табиғат» дәрісінде П.И. Чайковский, Ф. Шопен, С. Майкапар, А. Вивальди, Ф. Шуберт, Н. Тілендиевтің музыкаларымен танысты. «Ұлы Құрманғазы мұрасы» дәрісінде ұлы күйшінің өмірі мен шығармашылығымен танысып, атақты күйлерді тыңдады. «Его величество «Джаз» дәрісінде африкалық ырғақтардың, еуропалық үйлесімнің ықпалымен қалыптасқан музыкалық өнермен, афроамерикалық фольклор элементтерін тарту, джаз отаны, джаз музыкасы жанрының ерекшеліктері, даму кезеңдерімен танысып, джаз музыкасын тыңдады. «Музыкадағы ертегі кейіпкерлері» дәрісінде музыканың көмегімен ертегі кейіпкерлерінің бейнелері мен образдарын жеткізу сияқты әртүрлі ертегі кейіпкерлерінің музыкалық портреттерімен танысты.

Дәрістен алған әсерлері мен сезімдерін қатысушылар сурет, эссе, сөзжұмбақтар, викториналар, ермексаздан жасалған фигуралар, қуыршақтар киімдері, бейне-роликтерге ән, би орындау, музыка туралы ойлар жазды. Жоба қорытындысы бойынша барлық фото-бейнематериалдар, суреттер, шығармашылық тапсырмалар мен дәрістер жинақталған «Музыкалық альманах»  альбомы жасалды.