Қақпақтар жинау акциясы "Мейірімді қақпақтар"

«Игі істер марафонын» жалғастыру аясында біздің балабақшада өте қарапайым, бірақ та ерекше акция қақпақтар жинау акциясы «Мейірімді қақпақтар» ұйымдастырылды. Акцияға қатысушылар балалар, ата-аналар және балабақшаның қызметкерлері. Балалар қызығушылықпен қақпақтарды ыдысқа салып, қашан құтының іші толатынын асыға күтті. Жобаның қорытындысында біздің балабақша 34 құты қақпақтармен жинады. Жиналған қақпақтар «Добряков» клубының өкілдеріне тапсырылды, ал одан түскен қаражат қайырымдылық мақсаттарына жұмсалады. Осы жобаға қатысу арқылы біз әр адам бір-біріне қамқорлық жасай алатынын көрсеткіміз келеді, ол үшін ешқандай материалды құндылықтар қажет емес. Жай ғана қақпақ – құнды және керек ресурс.