
Біздің балабақшада "Құстарға қамқорлық" акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты құстарға қамкорлық, адамгершілікпен қарауға тәрбиелеу, оларды қорғауға деген қызығушылыққа баулуға ынталандыру. Осы акция балаларды мейірімділікке және қамқорлыққа үйретеді. Мектепке дейінгі жастан бастап құстардың өміріне қатысады және бұл әрекетке ата- аналарды тартады. Акцияға қатысушылар балалар, ата- аналар және тәрбиешілер. Акция аясында әр түрлі, өзіндік ерекше үйшіктер жасалды. Тәрбиешілер балалармен бірге үйшіктерді балабақша аумағына ілді, ал ата- аналар балалармен аулаға, саябақтарға. Күн сайын тәрбиеленушілер қыстайтын құстарға жем шашады, оларды жақындап бақылайды, сосын топта тәрбиешілер және балалар қанатты достары туралы әңгімелеседі. Әр бала өзінің алған әсерімен бөліседі. Біздің тәрбиеленушілерді игі істер жасау мүмкіндігі қуантады.