Сенім телефоны
8(7182)557851
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Қаирбаев көш., 84
8(7182)557851, 8(7182)651120
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі 17.00-19.00
Жеңіс күніне арналған дәстүрлі жүгіріс
05-05-2011 09:56

5 мамыр күні № 24 сәбилер бақшасы тәрбиеленушілері ата-аналармен және қызметкерлермен бірге Жеңіс күніне арналған дәстүрлі жүгіріс өткізді. Даңқ обелискісіне келіп, мәңгілік алау жанында митинг ұйымдастырылды. Сәбилер бақшасы басшысы С. Т. Түсіпбекова жиналғандарды жыл сайын өтетін дәстүрлі жүгіріс туралы таныстырып өтіп, құттықтау сөзін балаларға берді. Балалар өлең, тақпақ айтып, би биледі.

Митинг басында тыныштық сәті өткізілді, соңында Жеңіс күні әні орындалып, барлығы мәңгілік алауға гүл қойды.

Ата-аналар сәбилер бақшасы басшысына шын жүректен жылы ләбіздерін білдіріп осындай игі іске ризашылықтарын айтты.