Қысқы үлкен жарыстар
![Қысқы үлкен жарыстар](/media/img/blogs/63d3b76769adc.jpg)
2023 жылдың 27 қаңтарында біздің балабақшада тәрбиеленушілер, олардың ата-аналары және де тәрбиешілердің қатысуымен «Қысқы үлкен жарыстар» спорттық іс-шарасы өтті. Бұл іс-шара «Әрқашан отбасы мен балабақша бірге! Бірге болсақ, жетеміз тек жеңіске!» атты ұранмен өткізіліп келеді. Жарысуға 2 команда шықты: «Барыс» және «Пингвиндер». 6 алаңқайда командаларға қызықты сайыстар мен эстафеталар ұсынылды, мұнда олар өздерінің қабілеттері мен дағдыларын көрсете білді. Барлығы да мәреге бірінші болып жетуге бар күштерін салды. Бірақ жеңіске «Барыс» командасы жетті. Өздерінің көңіл-күйлерімен және алған әсерлерімен таза ауада тәтті де жылы шай іше отырып, бөлісті.