Сенім телефоны
8(7182)557851
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Қаирбаев көш., 84
8(7182)557851, 8(7182)651120
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі 17.00-19.00
ЕББҚ бар балалармен жұмыс істейтін, жалпы дамытушы МДҰ тәрбиешілері үшін қалалық семинар
07-02-2023 17:32
ЕББҚ бар балалармен жұмыс істейтін, жалпы дамытушы МДҰ тәрбиешілері үшін қалалық семинар


2023 жылдың 7 ақпанында біздің балабақшада ЕББҚ бар балалармен жұмыс істейтін, жалпы дамытушы МДҰ тәрбиешілері үшін қалалық семинар өтті. Теориялық блокта әдіскер Гладышева Е.А. ЕББҚ бар балалармен жұмыста балабақша педагогтерінің командалық іс - әрекеттері туралы айтып өтті. Логопед Подойницына М. А. өзінің ЕББҚ бар балаларды сүйемелдеу жеке бағдарламасын ұсынды. Тәжірибелік блокта жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, ЕББҚ бар балалармен жұмыста тиімді ойын әдіс - тәсілдерін қолдану бойынша шеберлік сағатын ұсынып, өз тәжірибесімен бөліскен тәрбиеші Дорн Е.А. қазақ тілі мұғалімі Шмидт А.Ш. психолог Байжуманова Г. П. Педагогикалық шеберхана ЕББҚ бар балалармен жұмыс істейтін тәрбиешілердің білімін тәжірибелік материалмен толықтырып, құзыреттілігін арттыруға көмектесті. Семинарға Павлодар қ. балабақшаның 32 тәрбиешісі қатысты.