"Біз біргеміз" ойын тренингін

Ата - анамен балалар арасындағы түсінушілікті дамыту және бекіту мақсатында біздің балабақшаның психологі Байжуманова Г.П. "Біз біргеміз" ойын тренингін өткізді. Тренинг мына жаттығулардан тұрды: "Есімі", "Махаббат күншуағы", "Балалық емес тиымдар", " Екеуі фломастермен" және басқа да. Ойын тренингі барысында балалар мен ата- аналар өз көзқарастарын белсенділікпен білдірді, сезімдерімен ашық бөлісіп, табыстарын және қиындыктарын талдады. Қатысушылар арасындағы мейірімділік жақсы эмоция алуға мүмкіндік берді.