"Қауіпсіз терезе"

2023 жылдың 11 сәуірінде біздің балабақшада "Қауіпсіз терезе" республикалық ақпараттық кампания аясында акция түрінде ата-аналар жиналысы өтті. Шараны ұйымдастырушылар Павлодар облысының білім беру басқармасы. Мақсаты: балалардың терезеден құлап кетуіне байланысты қауіп - қатерге жол бермеу, ата-аналарды терезені қорғау құралдарын қоюға шақыру. Шара бағдарламасында балабақша тәрбиеленушілері театралды қойылым көрсетіп, музыкалық нөмірлер ұсынды. Акция демеушісі "Фуфай" фирмасы, басшы Қуат Елеусізұлы терезелерінде бекіткіш жоқ тәрбиеленушілер отбасына 10 сертификат табыстады және тегін қойып беруге өз ұсынысын білдірді.
Құрметті ата-аналар, балалардың өмірі біздің қолымызда!