Сенім телефоны
8(7182)557851
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Қаирбаев көш., 84
8(7182)557851, 8(7182)651120
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі 17.00-19.00
Павлодарлық мектеп жасына дейінгі балалар Жеңіс күніне спорттық марафон арнады
11-05-2023 11:24
Павлодарлық мектеп жасына дейінгі балалар Жеңіс күніне спорттық марафон арнады

Патриоттық тәрбиені қалыптастыру, еліміздің атаулы күндеріне арналған іс-шараларға қатысу азаматтық ұстаным, әлеуметтік белсенділік таныту мақсатында Павлодар қаласының № 24 балабақшасында спорттық марафон өткізу дәстүрге айналған. Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 78 жылдығына арналған кезекті жүгіру 2023 жылғы 4 мамырда өтті. Іс-шара 14 жыл бойы өткізіліп келеді. Жүгіруді балабақша аумағында ортаңғы топтың балалары велосипедпен бастап, эстафетаны ересек топтың балаларына табыстады. Қайырбаев көшесі 84 үй мекенжайы бойынша орналасқан балабақшадан Даңқ обелискісіне дейін жүгіру марафонына 110 аса тәрбиеленуші, ата-аналар, балабақшаның педагогтары, сондай-ақ «FREEDOM TEAM» жүгіру клубы ҚБ жетекшісі Болат Қабдұлғафурұлы Ордабаев, қалалық мәслихаттың депутаты, жеңіл атлетика федерациясының президенті Серік Ақылбекұлы Құсайынов қатысты. Жүгіру аяқталған соң Даңқ обелискісі жанында балалардың тақырыптық өнер көрсетуі болды. Олар «Детство» биін, сөзі мен әні М.Басовтың «Мы спасибо скажем дедам» әнін, сөзі В. Харитонованың, әні Д. Тухманованың «День Победы» әнін орындады. Жарысқа қатысушылар қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, обелискке гүл шоқтарын қойды.