Наурыз тойы

Павлодар қаласының № 24 балабақшасында тәрбиеленушілердің ата, әжелерімен мерекелік Наурыз тойы өтті. Мереке жылы, достық атмосферада өтті. Шара аясында ата-аналармен әр халықтың дәстүрлі рәсімдері көрсетілді: өзбек рәсімі «Келін салом», қазақтың ырымы «Қырқынан шығару», орыс мерекесі «Иван Купала», украин рәсімі «Сватавство», кавказ және татар билері орындалды. Үлкен ақсақалымыз ізгілікке, жақсылыққа, еліміздің гүлденуіне дәстүрлі «Бата беру» рәсімін. Мереке кезінде барлығына дәстүрлі тағам – Наурыз көже ұсынылды. Ата-аналардың белсенді қатысуының арқасында мереке шынымен жарқын және есте қаларлық болды.