Наурыз

Бүгін біздің бақшада керемет – Наурыз мерекесі өтті! Кішкентай бүлдіршіндеріміз көктемнің жарқын мерекесін көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Кіші “Б” тобы қонаққа Кіші “А” тобына келіп, барлығы бірге қызықты шараға қатысты.
Мереке шашу шашумен басталды. Тәрбиешілер тәттілер шашып, «Жақсылық пен молшылық әкелсін!» деп тілек тіледі. Балалардың қуанышы қойнына сыймай, қолдарына тиген тәттілерді бөлісіп, Наурыздың берекесін сезінді.
Мереке ән мен би, ойындармен одан әрі жандана түсті.