Құрметті Қазақстандықтар сіздерді 20 жылдығы мерекесімен құттықтаймыз!
Көркейген, гүлденген туған ел,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейін құтты болсын, Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер.
Біздің балабақшада Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздіктің 20 жұлдызды күні» атты шаралар өткізілді. Салтанатты жағдайда сәбилер бақшасы тәрбиеленушілеріне арналған «Бір шаңырақ астында» және «Менің Отаным Қазақстан» деген атаумен көңіл көтерулер өткізіліп, балалар мемлекеттік тілде патриоттық әндер, өлең, тақпақтар және көрініс көрсетіп, өз ұстанымдарын білділді.
Салтанатты түрде ортаңғы, ересек топтар арасында «Тіл – достықтың кілті» атты оқулар балаларды қызықтырды, сонымен қатар ата-аналармен бірге «Астана» тақырыбына сурет конкурсы өткізілді.
20 жұлдызды күндер күні балалармен Қазақстан Республикасы рәміздері туралы сұхбаттар, мемлекеттік рәміздерді және Қазақстанның тарихын, қазақ халқының тұрмыс – салтын білуде «Білгіштер» конкурсы өтті.
Жасмамандар «Қазақстанның болашағы – білімді ұрпағында» атты жобаларын ұсынды, йога бойынша инструктордың қатысуымен денсаулық сағаты өтті, әсерлі де, көркем қабырға газетті шығарылды.
Барлық мерекелік күндер бірлік пен патриоттықтың рухын сіңірген.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болсын!
Тәуелсіздік әр қазақтың жүрегі боп соғып тұрсын!