Сенім телефоны
8(7182)557851
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Қаирбаев көш., 84
8(7182)557851, 8(7182)651120
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі 17.00-19.00
Жеңіс күніне арналған жүгіріс
05-05-2012 06:31
Жеңіс күніне арналған жүгіріс

Жеңіс күніне арналған балалармен, ата-аналармен және педагогтармен бірігп өткізілетін жыл сайынғы (8-ші рет) жүгіріс Павлодар қаласы қалалық білім беру бөлімінің және №24 саәбилер бақшасының дәстүріне айналды.

Маршрут бірнеше кезеңнен тұрады: сәбилеріміз велосипедпен бірінші бастап, эстафетаны ортаңғы және ересек топ балаларына берді, осыдан кейін эстафетаны ата-аналар мен қызметкерлер алып, Қайырбаев көшесі бойымен даярлық тобы балаларымен бірге Даңқ Обелискіне дейін жүгірді. Даңқ Обелискісін жанында балалардың тақырыптық көрсетілімімен митинг өткізілді. Үнсіздік минутымен балалар мен үлкендер соғыстан оралмаған жауынгерлерді еске алып құрмет көрсетті.

Шара Даңқ Обелискісіне гүл шоқтарын қоюмен аяқталды. Үлкендеріміздің есінде, жүрегінде сақталып қалған осы бір жайды, кішкентай балаларымыз сезінсе екен дейміз.

Жүгіріс «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының қолдауымен өтті. Бірінші орынбасары Ешмұратов Арман Қанатұлы балаларды және барлық қатысушыларды Жеңіс күнімен құттықтап, балаларға сыйлықтар сыйлады.